Облыс әкімдігінің отырысында соңғы жылдары жиі тақырып өзегіне айналып жүрген құрылыс саласы да айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Аманұлы алдымен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев, Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновпен бірлесіп, Айыртау мен Герасимовка ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеуді аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Одан бөлек, мынадай тапсырамаларды жүктеді:
1) Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева алда облыстық қазынаны нақтылап, Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылына бөлінген бюджет қаражатын қайтаруды қамтамасыз етсін;
2) Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев Қасым Қайсенов кентіндегі Мәдениет және демалыс орталығының құрылысын аяқтауды қамтамасыз етсін;
3) Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев Тұғыл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін теңгерімге қабылдауды қамтамасыз етсін;
4) Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Белбеев, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов Тұғыл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
5) Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев, Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева, қала және аудан әкімдері 2024 жылдың 20-шы желтоқсанына дейін «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының барлық 89 жобасы бойынша бюджет қаржысын 100 пайыз игеруді, құрылыс, монтаж жұмыстарын уақтылы аяқтап, орындалған жұмыс сапасына ерекше көңіл бөлуді қамтамасыз етсін.
- Екіншіден, келесі жылға жоспарланған «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының жобалары бойынша керек құжаттаманы уақтылы дайындауды; үшіншіден, аталған бағдарлама бойынша барлық конкурстық рәсімді уақтылы өткізуді қамтамасыз етсін. Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакова «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының барлық жобасы бойынша бюджет қаржысының 100 пайыз игерілуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін, - деді Нұрымбет Аманұлы.
Пікірлер