A+ A A-

talgatzhan 45 31-10-2024, 16:50 0

ШҚО-да кедейлік деңгейі төмендеп келеді

ШҚО / Бүгін

Мұндай ақпаратты облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға алдымен аймақ көлемінде атаулы әлеуметтік көмек беру тақырыбына тоқталды. Оны ұсынудың мақсаты - табысы төмен отбасыларды қаржылай қолдау арқылы өмірлік қиын жағдайдан алып шығу. 
- Көмектің мұндай түрі өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын тұрғындарға және табысы аз отбасылардағы 1-6 жасқа дейінгі әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем ретінде тағайындалады. Осы ретте азаматтардың табыс көзін нақты анықтайтын цифрландырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі. Қолданысқа енгізілген отбасының цифрлық картасы тұрғындардың әл-ауқатын анықтауға мүмкіндік беретін жүйе, - деді Альмира Әскерханқызы.
Мәлім болғандай, бүгінде отбасының цифрлық картасына сәйкес өңірде 271 мың 815 отбасы бойынша деректер жиналған. 
- Бұл дегеніміз - 705 мың 753 азаматтың отбасылық жағдайы бойынша толық мәліметтің бар болғаны. Аталған карта негізінде ең бірінші алға қойған мақсатымыз - дағдарысқа түскен жанұяларға көмек қолын созу. Бүгінде облыс бойынша кедейлік деңгейі - 4,8 пайыздан 3,7 пайызға төмендеді. Республика бойынша 5,1 пайыз, - деді басқарма басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив