Облыстық Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакованың ақпаратынша, бірнеше аудан алға қойылған межені орындай алмай отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тізімге Тарбағатай ауданы (156,7 млн теңге), Күршім ауданы (48,8 млн теңге), Риддер қаласы (48,2 млн теңге) енді.
- Бұдан бөлек, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (654,8 млн теңге) мен Білім басқармасы (40,8 млн теңге) бар. Жалпы, 992,8 млн теңгені игеру бойынша кестеден кешігіп жатырмыз, - деді Светлана Большакова.
Басқарма басшысы бұдан бөлек, ұзақ мерзімге қол қойылған келісімшарттарға тоқталды. Бұл жақта да бөлінген ақшаны дер кезінде іске жарата алмау жағдайлары тіркелді.
- Барлығы 821,8 млн теңге игерілген жоқ. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 200 млн теңгені, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасындағылар 182,3 млн теңгені игеріп бітпеді. Күршім ауданында 157 млн теңге, Самар ауданында 105,5 млн теңге және Риддер қаласында 103,8 млн теңге іске жаратылған жоқ, - деді ол.
Шенеунік әрі қарай біршама ірі сандарды сөйлетті. Светлана Большакованың мәліметінше, жыл біткенше 156,7 млрд игерілуі керек. Оның 49,4 млрд теңгесі республикалық, 107,3 млрд теңгесі облыстық бюджеттен.
Фотосурет inbusiness.kz
Пікірлер