A+ A A-

talgatzhan 29 5-11-2024, 09:20 0

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Үндістан Республикасына барды

ШҚО / Бүгін

Ресми кездесуде аймақ әкімі Ермек Көшербаев Үндістанның Шығыс Қазақстанның сыртқы саудасында динамикалық өсім көрсетіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Одан бөлек, өңір әкімі Ермек Көшербаев «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен үнді мемлекеттік компаниясы IREL Limited және «IREUK Titanium Limited» арасында титан қоры өндірісі бойынша Қазақстан-Үнді бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімшарт жасасу рәсіміне қатысты.
– Үндістан – Шығыс Қазақстанның сыртқы саудасында динамикалық өсім көрсетіп отыр. Біз Қазақстан мен Үндістан арасындағы берік байланысты көрсететін маңызды кездесуде бас қостық. Өскемен титан-магний комбинаты мен жергілікті IREL Limited компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт іскерлік тұрғыда жаңа мүмкіндіктерді ашып, екі елдің дамуына елеулі үлес қосады. Осы қадам біздің ортақ мақсаттарымызды атап көрсетеді, жоғары технологиялар мен тұрақты даму саласындағы басқа жобаларды жүзеге асыруға жол ашады, - деді облыс басшысы Ермек Көшербаев.
Жауапты тұлғалар аталған келісімнің «УКТМК» АҚ-ның шикізат базасын кеңейтуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.
– Бұл Қазақстан титанының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Одан бөлек, Қазақстан мен Үнді Республикасының экономикалық өсімін және әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал етеді. «УКТМК» АҚ атынан келісімді компания президенті Асем Мамутова, ал IREL Limited компаниясы атынан басқарушы директор Дипендра Сингх мырза қол қойды, – делінген өңір әкімдігі ұсынған мәліметте.
Рәсімге Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нурлан Жалғасбаев, Мумбайдағы ҚР Құрметті консулы Махендра Кумар Сангхи және Мумбайдағы ҚР Құрметті консулының орынбасары Ассиф Навруз, Шығыс Қазақстан облысының индустрия басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Маратов, сондай-ақ «УКТМК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер қатысты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив