A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да туристік аймақтар интернетке қосылуда

Бүгін / ШҚО

ШҚО Туризм басқармасының ақпаратынша, өңірде туристік нысандардың цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының туристендіру картасына сәйкес 33 туристік локацияның 24-і дауыс байланысымен және 3G/4G стандарты мобильді интернетімен қамтамасыз етілген, бұл 72,7%-ды құрайды.

Қалған туристік аймақтарды байланыспен қамтамасыз ету мақсатында аймақтың туристік орындарында байланыс қызметтерін дамыту жөніндегі Жол картасы бекітілді. Қазіргі уақытта ұйымдастыру-дайындық жұмыстары жүргізілуде. Басым бағыттағы локациялар қатарында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Садыркөл, Қаракөл, Шыбындыкөл, Айыр, Дұбығалы көлдері, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы бар. 

Сонымен қатар заманауи спутниктік байланыс технологияларын енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Атап айтқанда, Дұбығалы су қоймасының жағалауында «Starlink» терминалдарын орнатып, интернет желісіне қоғамдық қолжетімділік нүктелерін ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба пысықталуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив