Ғимарат толықтай жаңартылып, жолаушыларға арналған заманауи әрі қолайлы инфрақұрылым жасалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жөндеу жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр.
Аталған жұмыстар 2025 жылы басталып, 2026 жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жаңарту барысында вокзал ғимараты қайта салынып жатыр. Нысанда іргетас күшейтіліп, қабырғалар мен жабын конструкциялары толық жаңартылған. Сонымен қатар заманауи техникалық талаптарға сәйкес жылыту және желдету жүйелері қайта орнатылды. Күту залының аумағы да кеңейтілді.
- Жоба жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Осыған байланысты күту залы кеңейтіліп, вокзал маңындағы аумақты кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазір құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын, – деді Риддер қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Рауан Тұрсынбеков.
Одан бөлек, кәріз жүйесі де жаңартылды. Жобаның жалпы сметалық құны 2 миллион теңгеден асады.
Пікірлер