A+ A A-

talgatzhan 40 6-11-2024, 11:10 0

Уақыт белдеуі Өскемендегі жаңа мектептердің құрылысына кедергі келтіруде

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында жайлы мектептердің құрылысы жалғасуда. Оның екеуі 19-ықшамауданда, ал біреуі Бабкина Мельница ауданында орналасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар екі білім ордасына барып, құрылыс жағдайымен танысты. 
«Элхон» ЖШС мердігер ұйымының мәліметінше, Уәлиев көшесіндегі 600 орындық мектепті биыл желтоқсан айында қолданысқа беру жоспарланып отыр. 
- Қазір учаскеде екі ауысымда 250 адам жұмыс істейді. Кеш тез бататын болғандықтан, жұмыс қарқынына әсер етіп жатыр. Бірақ біз жасанды жарықтандыруды қолданудамыз, - деді «Элхон» ЖШС директорының орынбасары Әсет Сұлтанов. 
Ал Бабкина Мельница және Гаван ауданының тұрғындары Тимофеев көшесіндегі жайлы мектептің ашылуын күтіп отыр. Айтуларынша, қазір балалар қаладағы мектептерге барып жүр. Бірақ оған жету қиындық тудыруда. 
Құрылыс алаңында бұл нысанның да жыл соңына дейін аяқталатынын айтты. Алайда қала әкімі мектеп аумағын аралап шыққан соң мердігер ұйымның үлгеретініне күмән туғызды. 
- Бұл жерде кезекшілік ұйымдастырып, жұмысшылардың санын анықтау қажет. Олардың нақты қандай жұмыспен айналысып жатқанын бақылау керек. Халықтық бақылау жүргізілген жөн, - деді Жақсылық Омар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив