A+ A A-

talgatzhan 38 6-11-2024, 13:25 0

Өскемендік медбике ұшақ жолаушысының өмірін сақтап қалды

Бүгін / Өскемен

2 қараша күні Air Astana әуе компаниясының Пхукет-Алматы бағытындағы KC564 рейсінде бойжеткеннің жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көмекке бірден ШҚО гематология орталығының медбикесі Іңкәр Сейілғазина келді. Ол жолаушыдан аллергиялық реакция белгілерін анықтаған. Бұл дерт Квинке ісінуі деп аталады екен. Борттағы дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық арқылы науқасқа шұғыл көмек көрсетті. Нәтижесінде жас қыз Алматы әуежайына дейін аман-есен ұшып келді. Ал әуе компаниясының өкілдері Іңкәр Сейілғазинаға кәсібилігі үшін алғыс білдірді.
Іңкәр Мұратбекқызы – жоғары санатты реанимация бөлімінің медбикесі, 31 жылдан астам уақыт медицина саласында еңбек етіп келеді.
- Ұшу уақыты 7 сағатты құрады. 3 сағаттан соң қыздың жағдайы нашарлай бастады. Бұған дейін ұшақ ішінде Іңкәр екі мәрте медициналық көмек көрсеткен еді, - деді медбикенің әпкесі.
ШҚО гематологиялық орталығының ұжымы да әріптестерінің бұл ісіне құрметпен қарайтындарын жеткізді.
Айта кетейік, Квинке ісінуі - теріде және тері астындағы тіндерде пайда болатын дененің жедел қабыну реакциясы. Мұндайда дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілгені жөн.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив