Бұл туралы мекеменің бас дәрігері Сергей Попов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған аурухана 2014 жылы №2 медициналық бөлімшесін қайта құру арқылы ашылған еді. Бүгінде ол үш ғимараттан тұрады.
Кейін №4 және №3 қалалық ауруханалар біріктірілді. Мұнда ересектерге арналған травматологиялық пункт те бар. Сондықтан ғимаратты жөндеуге арналған жобалық құжаттама әзірленді.
- Облыс әкімдігінің мәліметінше, аурухана 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге кезекте тұр. Бұған дейін жөндеу болған. Екі жыл бұрын лифт, ал былтыр аурухана шатыры қалпына келтірілді. Аурухананы күтіп ұстауға тырысамыз,- деді бас дәрігер Сергей Попов.
Айта кетейік, мұнда науқастарды жоспарлы және шұғыл түрде тәулік бойы қабылдайды.
Пікірлер