Аталған мәселе әлі талқылануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Б.Александров атындағы Спорт сарайының маңында жерүсті өткелі салынды. Сөйтіп, жаяу жүргіншілер жолы алынып тасталды. Дегенмен өскемендіктер бұл құрылысқа өз наразылықтарын білдірген еді. Әсіресе, қарт адамдар, мүгедектер мен кішкентайын арбамен серуендеткен аналар ыңғайсыз екенін айтып жатты. Ал уәде етілген лифт бекітілген уақытта іске қосылмады.
Өскемен әкімі Жақсылық Омар жуықта жерүсті өткелін аралап шықты. Қала басшысы мен полиция қызметкерлері «Daniel» сауда орталығынан Н.Назарбаев даңғылына дейінгі жаяу жүргіншілер жолағын қайта орнатуды шешіп жатыр.
Фотосурет: 2GIS
Пікірлер