A+ A A-

talgatzhan 38 6-11-2024, 17:51 0

Өскеменде пневмонияға шалдыққандар көбейді

Бүгін / Өскемен

Биыл облыста ЖРВИ-мен ауырғандар саны былтырмен салыстырғанда едәуір артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ауруханаға күніне 15-20 адам пневмония жұқтырды деген күдікпен келіп түседі. Дегенмен ақ халаттылар жағдай әзірге тұрақты дейді. Осы эпидемиялогиялық маусымда өлім-жітім тіркелмеді.
- Пневмонияның вирустық және ковидті түрі кездесіп жатыр. Пульмонология бөлімінде 50 төсек бар, орын жеткілікті, қоймадағы дәрі-дәрмектер жеткілікті. Қазір жансақтау бөлімінде екі науқас жатыр, біреуі жасанды тыныс алу аппаратымен дем алуда, - деді Өскемендегі №4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сергей Попов.
Айта кетейік, қазір Ресейде жиі тіркеліп жатқан атипиялық пневмония фактілері облыс орталығында әлі анықталған жоқ. Бірақ дәрігерлер шет елге шыққанда қауіпсіздік шараларын естен шығармауды сұрайды. 
- Атипті пневмониямен ауырғанда екі өкпесі бірдей зақымданады. Оны емдеу де қиын. Сондықтан аурудың асқынуына жол бермей, алдын алу керек. Алғашқы белгілерін байқасаңыз, бірден ауруханаға барыңыз. Қазір барлық медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында қажетті емдеу хаттамасы бар, - дейді Сергей Попов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив