A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 12:10 0

Өскемендегі жаңа ЖЭО құрылысы 2029 жылы аяқталуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, жобаны «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы жүзеге асырады. Болашақ станция қуаты 360 МВт болмақ.
Жаңа ЖЭО іске қосылғаннан кейін Өскемендегі электр және жылу энергиясы тапшылығын толық өтеуге мүмкіндік туады деп күтілуде. Құрылыс үшін қаланың сол жағалау бөлігінен жер телімі бөлінген. Жоба аясында экологиялық талаптарға сай заманауи технологиялар қолданылып, көмірді тиімді пайдалану көзделген.
Қазір құрылыс алаңын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2029 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив