A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 16:15 0

Самарда әлеуметтік желі арқылы маман тарту жемісін беріп жатыр

Бүгін / Самар

Биыл ақпан айында Шығыс Қазақстан аудандарына мұғалімдер мен дәрігерлерді әлеуметтік желі арқылы тартты деген ақпарат тараған болатын. Олардың ішінде Самар ауданы да бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов алғашқы жартыжылдықты қорытындылады. Самар жеке аудан болып құрылғалы әр салада кадр тапшы болғаны рас. Әсіресе, әр жиынға келген сайын аудан әкімі мен орынбасарлары айтып жүретін. Биыл Павлодар өңірінен эндокринолог дәрігер келіп, жұмысқа кіріскен. Оны әкімдік өкілдері әлеуметтік желі арқылы тауып, аудан орталығына жұмыс істеуге шақырған екен. Мұрат Байжүменовтің сөзінше, мұндай әдіс жемісін беріп отыр.
– Кадр мәселесін тек бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе әлеуметтік желі арқылы емес, жүйелі түрде бағамдап отырамыз. «Шығыс шақырады» бағдарламасы арқылы да әріптестеріміз оңтүстік өңірлерден мамандар шақырып отырады. Олар мұның бағдарламасын да өз деңгейінде әзірлейді, – деді әкімнің орынбасары.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив