A+ A A-

talgatzhan 47 7-11-2024, 15:13 0

Өскеменде көше шамдары жанбай тұр

Бүгін / Өскемен

Көшелерді жарықтандыру жүйесіне жауапты компания өкілдері қала тұрғындарының шағымына жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскемендіктер С.Нұрмағамбетов көшесінің бойында төрт-ақ шамның жанып тұрғанына наразылық білдірген еді. Уақыт белдеуі өзгерген соң қараңғы тез бататынын ескерсек, кешкі уақытта жүру қауіп туғызып отыр. 
Осы ретте қала әкімдігі бұл шамдарға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының жауапты екенін мәлімдеді. Оларға техникалық қызмет көрсету мақсатында 16 мыңнан астам жарық нүктесі берілген. 
Аталған орталық 29 қазаннан “КЭМОНТ” АҚ-мен бірлесіп, жұмыс істемей тұрған шамдарды қалпына келтіруді жалғастырып жатқанын жеткізді. 
- Бүгінде жанбай тұрған көше шамдарының саны 10 пайыздан аспайды. Жұмыс тобы қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдарды жедел қарастырып жатыр. Қараңғы көшелерге қатысы мәселе жақын арада шешіледі, - деді орталық өкілдері. 
Сондай-ақ олар Үлбі көпірінде жұмыс әлі жүріп жатқанын, ал Нұрмағамбетов көшесінен бастап Қабанбай батыр көшесіне дейінгі шамдардың барлығы қосылып тұрғанын айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив