Қайғылы оқиға бүгін таңертең Абай және Шәкәрім даңғылдарының қиылысындағы аялдамада болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, жедел жәрдем оқиға орнына келмей тұрып ер адам көз жұмды.
- Таңғы сағат 06:45-те 102-ге №16 жедел жәрдем бригадасынан автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адамның табылғаны туралы қоңырау түсті. Оның 66 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам жүрек ауруынан қайтыс болған, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Пікірлер