453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Ертіс көпірінде асфальт қирап жатыр

Ертіс көпірінде асфальт қирап жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиын барысында қалың қардың кесірінен туындаған төтенше жағдайлар туралы айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев қала ішіндегі жол жағдайына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, Ертіс көпірінің кетеуі кете бастаған.
- Қаланың өзінде жағдай өте нашар. Жол тазаланған сияқты болса да, қыс басталмай көпір үстіндегі асфальт қирап жатыр. Құдды бір танк жүріп өткендей. Қыста да осылай бола ма?, - деді ол. 
Осы ретте облыс әкімі бұл мәселені қалалық әкімдікке емес, бірден ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовке тапсырды. 
Сондай-ақ ол жаңадан салынған жолдарға назар аударуды еске салды. Егер қандай да бір кемшіліктер байқалса, мердігер ұйымды жұмылдыру керек деді.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив