A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:00 0

Елде 35 мың тоннадан астам балмұздақ өндірілді

Бүгін / Республика

2026 жылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі таратқан дерекке сәйкес, өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі — 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%.

Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна).

— Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең, — делінген статистикалық мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив