A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 23:30 0

Бизнеске бет бұрған бұрымды Берел маңында кәуаптың түр-түрін сатты

Бүгін / Катонқарағай

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында сахнаның қарама-қарсы жағында мүлде басқа тірлік жалғасып жатты. Бұрқыраған түтін иісі жағымсыз емес, жолсоқты болып келген жұртты еріксіз тарта берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Патшалар жазығында поэзия кеші басталмай тұрып көптен бері көріспей жүрген көпшілік қауқылдасып, сауда жүріп жатқан жаққа қарай жақындады. Айтпақшы, қарағандылық жігіттер кітап әкеліп сатты. Мұхтар Мағауин, Оралхан Бөкей, Бердібек Соқпақбаев, Ғабит Мүсірепов, Даниель Дэфо, Джек Лондон, Антон Чехов, Агата Кристи дейсіз бе – көбінің бағасы 3500 теңге деп бекітіліпті. Халық тоқтаусыз келіп сатып алды демесек те, бірлі-жарым жұрт мұқабасы жаңа әдеби шығармаларды қызығушылықпен парақтап тұрды. Одан таяқ тастам жерде кәуәп иісі мұрынды жарып, кезекті сауда жалғасын тауып жатты. Өрел ауылынан келген Мөлдір Съезқызы фестиваль қарсаңында сұраныс жоғарылағанын айтты.
– Анам – Балжан Болаева кәсіпкер. Өрел ауылында дүкеніміз бар. Берел ауылында наубайхана мен дүкеніміз жұмыс істеп тұр. Сол жерден келіп, сауда-саттық жасап, кәуап пісіріп, балмұздақтап сатып отырмыз. Фестиваль жақсы өтіп жатыр. Сұраныс жақсы. Осы секілді ауқымды іс-шаралар жыл сайын өтеп тұрса деген тілек бар, – деді ол.
Айтуынша, шілденің 9-ы күні кәуап сатып бастады. Жұма күні Патшалар жазығында тұрақтаса, фестиваль қызатын шілденің 11-і күні жұмыстарын Катонқарағайда жалғастыруға ниетті. Алдын ала жоспарға сәйкес, атшабар маңында мангал көтереді. 
– Негізі өзімізде дүкен мен келімді-кетімді адамдарды қабылдайтын қонақүй бар. Ірі фестиваль, сайыстар кезінде кәуап сатамыз. Бүгінгісі тауық пен үйректің етінен әзірленді. Катонқарағай ауданы маңындағы шөптерді теріп дайындалған бал да бар, – деді бизнеске бет бұрған бұрымды.
Кәуапты ыдысымен сатып тұр. Жанында қияр, қызанақ, пиязы мен бар. Үйрек етінен жасалғаны – 3000 теңге, ал тауық етінен дайындалғаны – 2500 теңге.

Әділхан ЕСІМХАНОВ
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив