A+ A A-

talgatzhan 64 11-11-2024, 15:38 0

Ермек Көшербаев толассыз жауған қар кезінде шұғыл қадам жасай алмаған шенеуніктер жұмысын сынға алды

Бүгін / ШҚО

Екі күн қатарынан толастамай жауған қардан жол үстінде бірқатар кедергі туындады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бүгін облыс әкімдігінде жолға жауапты басқарма өкілдері жүзеге асырылған жұмыстар туралы есеп берді. Алайда аймақ басшысы Ермек Көшербаев мұның жеткіліксіз екенін айтып, оларды қатаң сынға алды. Ол әлеуметтік желідегі тұрғындардың жазбаларына шолу жасап, нақты мысалдар келтірді. 
- Неліктен Төтенше жағдайлар департаменті жолдың жабылғаны туралы білмейді? Кім ақпарат бермеді? Неге үйлесімді жұмыс жүйесі жоқ? Барлығын бірден істеу мүмкін емес екенін түсінемін. Бірақ ТЖД, жол полициясы, денсаулық сақтау мен цифрландыру басқармасы, аудан әкімдіктерінен кезекшілерді қосып, арнайы ресурс жасау керек, - деді ол. 
Сондай-ақ Ермек Беделбайұлы аудан әкімдерінен қазіргі жағдай туралы баяндап берулерін талап етті. Халықтың жағдайын ескеру керектігін алға тартып, нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, халық жиі баратын аурухана, мектеп сынды әлеуметтік мекемелерге апарар жолдарды уақтылы тазалап отыруды тапсырды.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив