A+ A A-

talgatzhan 55 11-11-2024, 16:05 0

ШҚО әкімі Риддердегі жылу мәселесін тексеруді тапсырды

Бүгін / ШҚО / Риддер

Бүгін облыс әкімдігінде жергілікті тұрғындардың бірқатар өтініштері мен хабарламалары қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, оның көбі қыста жолда қалып қалғандар тарапынан түседі. Бірақ арасында Риддердегі көпқабатты үйдің жылымай тұрғанын айтқан тұрғынның өтініші де кездесті. 
- Дәл осы кісінің үйіне барып, температураны өлшеңіздер. Егер қаладағы жылу беру жұмысы дұрыс болса, онда мәселе тұрғынның өзінде деген сөз. Ал қазандық жұмысы ретке келтірілмеген болса, тиісті шараларды қолға алуды тапсырамын, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.  
Аймақ басшысы аяз басталмай тұрып жылудың болмауы дабыл соғарлықтай мәселе екенін алға артты.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосурет: kaztag.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив