Қала тұрғындары арасында келер жылы қай жолдарды жөндеу керектігі туралы сауалнама жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігіндегілер тиісті жұмыстарды жоспарлау кезінде жол полициясының ұсынысы мен азаматтардың өтініштеріне назар аударылатынын айтты.
- Тұрғындардан орташа жөндеуді қажет ететін учаскелерге қатысты пікір білдіруді сұраймыз. Мәліметтердің барлығы 2025 жылы жұмыстардың тізімін жоспарлау кезінде ескерілетін болады, - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.
Өскемендіктер сауалнамаға қала әкімінің (@zhaksylyk_omar) немесе Өскемен қаласы әкімдігінің (@akimatoskemen) Instagram парақшасы арқылы қатыса алады.
Пікірлер