A+ A A-

talgatzhan 52 12-11-2024, 09:43 0

Өскеменде қазақстандық фильмдер тегін көрсетіледі

Бүгін / Өскемен

13-17 қараша аралығында «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Юбилейный» кинотеатрында қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

13 қарашада сағат 19:00-де «Хирург» фильмінің қоюшы-суретшісі әрі актері Шманов Өмірзақ, сценарийін жазған Досыбиев Дәуір және продюсер, қоюшы-оператор Александр Рубановпен шығармашылық кездесу өтеді.
Бағдарлама:
«Хирург» (қазақша нұсқасы), 13.11 – 19:00;
«Жамбыл. Жаңадәуір» (қазақша нұсқасы), 14.11 – 18:00;
«Набат операциясы» (субтитрлері бар аралас тіл), 15.11 – 18:00;
«Дос Мұқасан» (субтитрлері бар аралас тіл), 16.11 – 18:00;
«Дос Мұқасан» (қазақша нұсқасы), 16.11 – 15:30;
«Паралимпиадашы» 17.11 – 18:00.
Кинотеатрдың кассасында тіркеліп, киноға тегін кіруге болады. Әр билеттің ақшасын «Қазақфильм» төлейді. Мұндай шара Өскеменде қазақ фильмдерін қолдау және насихаттау мақсатында алғаш рет өткізіліп отыр.
Толық ақпаратты kinoteatr.kz сайты мен +7 701 531 81 42 телефон нөмірі бойынша білуге болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив