Оған қызметтік бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде болған қылмыстық істер жөнінде мәлім етті. Сондай істің бірі Шығыс Қазақстанда зерттеліп, кейінірек сотқа жіберілді.
Анықталғандай, облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, позициялау жүйесі жоқ шахталарда жұмысты тоқтатпаған.
– Аталған жүйе шахтерлердің жерасты жағдайындағы орнын анықтауға, құтқарушыларға төтенше жағдайлардан зардап шеккендерді эвакуациялауға, адам өмірін сақтап қалуға көмектесуге арналған, – деді Антикор өкілдері.
Сондай-ақ департамент хабарламасында стандарттарға сай позициялау жүйесінің болмауы жұмысты тоқтатуға себеп емес делінген. Енді мұны өндіріске тыйым салатын өрескел бұзушылықтар қатарына жатқызу ұсынылуда.
Айта кетейік, соңғы үш жылда республика бойынша төтенше жағдайлар органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты 103 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, оның 11-і басқарма мен басқа да бөлімшелердің басшыларына қатысты. Жалпы қылмыстың 23%-ы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықтарды құрайды.
Пікірлер