A+ A A-

talgatzhan 45 12-11-2024, 10:35 0

Өскеменде дәмхана маңындағы адам өліміне қатысты сот үкімі шықты

Бүгін / Өскемен

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Айта кетер жайт, сот ісінде қылмысқа барған адамның есімін өзгертіп, А деп қана жазылды.
15 наурызда сағат 18:00 шамасында Абай даңғылы, 1/2  мекенжайында орналасқан «Встреча» дәмханасының кіреберісінде А. шалбарының қалтасынан жиналмалы пышақты алып шығып, танымайтын В.-ның негізгі артериялары орналасқан мойнына бірнеше рет соққы жасады. Алған ауыр дене жарақаттарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмды.
Қылмыскердің кінәсі «Сергек» бақылауындағы бейне жазбаларымен, сарапшылар қорытындыларымен, куәгерлердің сөздері және заттай айғақтармен дәлелденді. 
Сот жаза тағайындау кезінде А.-ның кінәсін мойындауы, алғаш рет қылмыс жасағаны және жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырған жәбірленушінің позициясы жазаны жеңілдетуге түрткі болды. Сот А.-ны бұзақылық ниетпен В.-ні өлтіргені үшін кінәлі деп танып, қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.

Фотосурет: exclusive.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив