Аталған құқық бұзушылық «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде «Күршім-Үлкен Нарын» тасжолында анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 25 жастағы жүргізуші мінген көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында ер адамның 206 келі балық түрлерін заңсыз тасымалдағаны белгілі болды. Оның ішінде, 85 келі көксерке, 102,6 келі шортан және 78 келі нәлім бар.
Барлық балық түрі шамамен екі миллион теңгеге бағаланды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданбақ.
Пікірлер