A+ A A-

talgatzhan 37 12-11-2024, 12:45 0

ШҚО-да мал күтімімен айналысатын мамандар тапшы

Бүгін / ШҚО

Еңбек биржасында ресми ақпараттарға қарап, қай салада кадр жетіспеушілігі байқалатынын білуге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазан айында электронды еңбек биржасында 123,7 мың бос жұмыс орны мен 106 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 9%-ға, ал түйіндемелер 13%-ға азайды.
- Белсенділіктің азаюы білім саласындағы сұраныс пен ұсыныстың төмендеуімен байланысты. Бірақ жылыту маусымының басталуына орай жұмысшыларға деген сұраныс көбейді. Мал күтімімен айналысатын мамандар да тапшы, - дейді мамандар.
Дегенмен, сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық елдің кей өңірлерінде өзекті мәселе саналады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 5,5 мың бос жұмыс орны мен 2,5 мың түйіндеме тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында 4,1 мың бос орын мен 2 мың түйіндеме, ал Павлодар облысында 6,5 мың бос жұмыс орны және 3,4 мың түйіндеме тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив