453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Өскемен көшелерін әлі қардан тазартып жатыр

Өскемен көшелерін әлі қардан тазартып жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

«Таза Өскемен» кәсіпорнының қызметкерлері таңертең қаладағы қарды тазаласа, түстен кейін еріген суды сорғытты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сондай-ақ кей көшеде көктайғаққа қарсы материал себілді. Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, бірінші кезекте көпірлер, жол өткелдері, биік, аласа жерлер мен жол айрықтарына назар аударылды.
Жалпы, қала бойынша барлығы бес көлік кезекшілік бойынша жұмыс істеді. Ал күндіз ауа райы жылынып, қар еріді. Сол себепті кейбір көшедегі еріген су арнайы құралдардың көмегімен сорғытылды.

Фотосурет: @tazaoskemen Instagram парақшасы

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив