A+ A A-

talgatzhan 39 12-11-2024, 15:18 0

ШҚО-да биыл 2,4 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО прокуроры Алмат Байшолақовтың төрағалығымен кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Анықталғандай, жыл басынан бері прокуратура 2,4 мың кәсіпкердің құқығын қорғап, 47 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартты. 
Сондай-ақ тексеру барысында мерзімдерді бұзудың 168 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту кезінде тыңдауды өткізбеудің 7 фактісі, негізсіз бас тартудың 9 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзудың 15 фактісі анықталды. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласып, тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Елдімекендердің қала құрылысы құжаттамасының болмауы кәсіпкерлерге жер телімдерін алуға немесе олардың нысаналы мақсатын өзгертуге, сондай-ақ құрылысты бастау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмалары мен бастапқы құжаттарды алуға мүмкіндік бермеді. Осы тұста облыс прокуроры жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңнаманы бұзуды алдын алу мен елдімекендердің қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге қаражат бөлуді тапсырды, - деді ШҚО прокураторасының баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, мәселелер туындаған жағдайда 8-702-704-09-29 телефон нөмірі арқылы облыстық прокуратураның қызметкерімен тікелей байланысып, заңгерлік кеңес алуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив