A+ A A-

talgatzhan 33 12-11-2024, 15:55 0

ШҚО-да соңғы бес жылда 42 адам өрттен аман қалды

Бүгін / ШҚО

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Анықталғандай, жылыту маусымы басталғалы жергілікті атқарушы орган қызметкерлері ТЖД мамандарымен бірлесіп, 84 мыңнан астам үйді аралап шықты. Көбі жер үйлер.
- Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алу бір-екі айда аяқтала қоятын жұмыс емес. Бұл жыл бойы жалғасуы керек. Біз орман өртінің алдын алдық, енді әкімдер жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалауы керек, - деді облыс әкімі. 
Тексеру барысында тұрғындар арасында пеш жағу, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты 17 мыңнан астам бұзушылық анықталды.
- Бұл мәселеге бей-жай қарамаңыздар. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көмірқышқыл газының датчиктерін орнату керек. 5 жыл ішінде 42 адам аман қалды. Сондықтан адам өмірі қашан да маңызды, - деді Ермек Көшербаев.
Айта кетейік, өңірде соңғы 5 жылда 16 мыңнан астам көмірқышқыл газының датчигі орнатылған.

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив