A+ A A-

talgatzhan 46 12-11-2024, 16:37 0

Өскеменде Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді

Бүгін / Ұлан

«Туған жер - алтын бесігім» жобасы шеңберінде 15-16 қараша аралығында Ұлан ауданының мәдени күндеріне арналған бірқатар іс-шара өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

15 қараша күні сағат 17:00-де Протозанов, 43 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясында Ұлан ауданының қолөнер, мұражай экспонаттары және кітап көрмесі, ал сағат 18:00-де өнерпаздардың гала концерті ұйымдастырылады. 
16 қарашада сағат 08:00-де «Шығыс-Алтай» сауда саттық алаңында (Жібек жолы, 6) Ұлан ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. 
Дәл осы күні сағат 09:00-де Бұқаралық спортты дамыту орталығының алаңында (Стахановская, 3А) футзалдан облыстық ашық турнир, ал Дарынды балаларға арналған олимпиадалық резерв мектеп-интернат колледжінде (Қ.Сәтпаев, 82) тоғызқұмалақ пен шахматтан турнир ұйымдастырылады.

Фотосурет: GOV.KZ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив