Ер адам Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, ол 8-ші маусымда кешкісін мас күйінде көлік тізгіндеген. Полицейлер оны тоқтатпақ болғанымен, жүргізуші жылдамдықты арттырып, назар аудармады.
Аталған іс Өскемен қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Мотоциклші өз кінәсін мойындамады.
Алайда бейнежазба мен медициналық сараптама қорытындысы негізінде ол бірнеше тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Пікірлер