Пестель көшесінде тұрғын үй мен гараж өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт сөндірушілер жалпы аумағы 140 шаршы метрді құрайтын қызыл жалынды сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
"Ертіс-3" бау-бақша қоғамындағы саяжай үйінде де өрт шықты. Ондағы өрт көлемі 48 шаршы метрді құрады.
Ал Алаш көшесінде тұрғын үйдің шатыры жанып кетті. Құтқарушылар 112 шаршы метр аумақтағы тілсіз жауды ауыздықтады.
Осы тұста ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардан өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды.
Пікірлер