Анықталғандай, есімі Ш. деп қысқартылған тұрғын «ВАЗ 2108» және «Volkswagen Golf 2» маркалы автокөліктерін заңсыз иеленгені (ұрлық) үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған қылмыстық бұзушылықты ауырлығы орташа қылмысқа жатқыза отырып, азамат Ш.-ға пробациялық бақылау орнату мен міндеттемелер жүктеу, соның ішінде, мәжбүрлі еңбекке тартумен қоса 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған еді. Алайда жаза түрімен келіспеген прокурордың өтінішхаты негізінде ШҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық істі қайта қарады.
- Азамат Ш. бірнеше рет сотталған. Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасын өтеп жүргенде алкоголь ішіп, есірткі тұтынған күйде қылмыс жасап, қылмыспен келтірілген залалды өтемеген. Апелляциялық сатыдағы сот азамат Ш.-ны ҚК-нің 200-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы бойынша қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді тағайындады, - делінген ШҚО сотының баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Үкім заңды күшіне енді.
Пікірлер