453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Өскеменде көпірден секірген жігіт әлі табылмады

Өскеменде көпірден секірген жігіт әлі табылмады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ер адамның мәйіті шамамен екі аптадан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қарашаның басында әлеуметтік желіде 1998 жылы туған Алдияр Қапезов есімді жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. 2-ші қарашаға қараған түні ол жұмыстан шыққан. Содан бері хабар жоқ. 
- Сол уақытта полицияға Ертіс көпірінен бір адамның секірмек болғаны туралы қоңырау түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде жігіт секіріп кеткен, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер. 
Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мәйіт табылмаған соң, оның нақты кім екенін айту қиын. Полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив