A+ A A-

talgatzhan 38 13-11-2024, 10:47 0

Қысқы маусымда жазғы доңғалақпен жүрген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады?

Бүгін / Республика

Елімізде ресми түрде көлік жүргізудің қысқы маусымы 1 желтоқсанда басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 


Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ресми мәліметтерге сай, М1 және N1 санаттағы автомобильдер жазғы кезеңде (маусым, шілде, тамыз) қарға қарсы шиналармен жабдықталған болса, ал қыс мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналар орнатылмаған болса, көлікті пайдалануға тыйым салынады.

-Бұл шектеулер сәйкесінше Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің 5.5-тармағымен (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 бекітілген шешімі) және осы қосымшаның 5.6.3-тармағымен реттеледі. Жоғарыдағы техникалық регламенттің 5.5-тармағы бойынша ереже бұзғаны үшін ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, - делінген ІІМ хабарламасында.

2024 жылы бұл айыппұл сомасы - 18 460 теңге.

Бұл жерде атап өтерлігі, М1 са­на­тына же­ңіл ав­то­мо­биль­дер жатады, олар жо­ла­у­шы­ та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған және жүр­гі­зу­ші­нің ор­ны­нан бөлек тағы се­гіз орынды­ққа дейін болады.

Ал, N1са­на­тына жүк ав­то­мо­биль­де­рі және олар­дың шас­сиі, яғни жүк­ та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған және ең жо­ға­ры сал­ма­ғы 3,5 тон­на­дан ас­пай­тын кө­лік жатады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив