A+ A A-

talgatzhan 36 13-11-2024, 11:41 0

«Өскемен-Риддер» тасжолында жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Бүгін / Өскемен / Риддер

Жол-көлік оқиғасы 11 қараша күні болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер мәліметінше, «Өскемен-Риддер» тасжолының 25-ші шақырымында ГАЗ маркалы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығын ескермеді. Нәтижесінде көлік жыраға түсіп кеткен.
Аталған факті бойынша мүліктің бүлінуі мен материалдық залалға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал бейресми дереккөзге сенсек, көлікте науқас адам да болған. Жолаушылардың барлығы медициналық көмекке жүгінді.

Фотосурет: nur.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив