Бұл туралы ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрай Арыстанбек мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да өз әрекеттерін жетілдіріп, қолданатын әдістерін күрделендіре түсуде.
– Ең кең таралған тәсілдерге өзін банк немесе коммуналдық мекеме қызметкері ретінде таныстыру, мемлекеттік органдардың атынан қоңырау шалу мен зиянды сілтемелер арқылы мессенджерлерді бұзу кіреді, – деді ол.
Интернет-алаяқтықпен күресудің тиімді әдістерінің бірі – алдын алу шараларын жүзеге асыру. 12-14 қараша аралығында ел аумағында «Анти-Фрод» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Сонымен қатар өңірде «Стоп-алаяқ» профилактикалық іс-шарасының үшінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, интернет-алаяқтықтың түрлері туралы ескертулер жасауда. Облыстық және қалалық әкімдікпен бірге ақпараттандыру бойынша медиажоспар да әзірленді.
Айта кетейік, қылмысты тиімді тергеу үшін ШҚО ПД жанынан киберқылмыстарды ашумен айналысатын арнайы «Киберпол» бөлімі құрылған.
Пікірлер