Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адам. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977 адам болса, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам.
9 айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құрады.
2024 жылдың 9 айында 278,7 мың бала дүниеге келді.
Қайтыс болғандар саны - 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады.
Айта кетейік, алғашқы жарты жылдың ішінде 95 мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелді.
Фотосурет: tolqyn.kz
Пікірлер