453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Риддер тұрғындары сусыз қалды

Риддер тұрғындары сусыз қалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Мұнда қалың қармен қоса жергілікті су электр станциясындағы қондырғылар істен шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары “Бізге бір-екі сағатқа ғана су берді, оның өзі тіпті еден жууға жарамсыз. Оған дейін су ескертусіз екі күнге өшірілді”, “Құрылғылар ауыстырылғанымен судың қысымы өте төмен”, “Таловкада 3 күннен бері су мүлде жоқ” деп жазуда. Ал кейбірі көшені қар басқан соң ауызсудың жеткізілмей отырғанын айтты. 
Ал қалалық infor.kz порталында “Лк-ГЭС” ЖШС-да шығыр істен шығып, қызметкерлердің дер кезінде әрекет етпеуінен қалаға су беру тоқтатылғаны туралы мәлімет жарияланды. Сондай-ақ суды жер асты резервтік су алғыштан жеткізілетіні айтылды. Бірақ оның қуаты барлығына бірдей жетпейтіндіктен, бірнеше учаске сусыз қалатын көрінеді. Атап айтқанда, Ботаника, Гавань, Таловка, Полярная, Малая Таловка, ВГСЧ, ​​Лесхоз бен ДОСААФ аудандары.
Дегенмен Риддер қаласының әкімдігі мен Водоканал мекемесі тарапынан бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив