Қаладағы кейбір клиника Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс орталығының тұрғындары әлеуметтік желіде кейбір стоматологиялық клиникалардың балаларды тегін емдемейтіні туралы ақпаратпен бөлісуде. Бұны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аймақтық филиалы растады.
Енді келесі коммерциялық емес стоматологиялық клиникалар міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қызмет көрсетуді тоқтатты:
- «Стоматолог» ЖШС (Серікбаев көшесі, 1, 3-ғимарат);
- «Стоматология» ЖШС (Новаторов көшесі, 2);
- «Baby Tooth» ЖШС (Әуезов даңғылы, 4).
- Медициналық ұйымдардың (стоматологиялық клиникаларды қоса алғанда) міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы толығымен ерікті. Денсаулық сақтау субъектісі қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінім беру және тиісті келісімшарт жасасу туралы шешімді дербес қабылдайды, - делінген ресми мәліметте.
Қазір міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша стоматологиялық көмек Буров көшесі, 55 мекенжайындағы Балалар стоматологиялық клиникасында қолжетімді.
Ал балаларға төмендегі ауруханаларда тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі:
- Ана мен бала орталығы (Оралхан Бөкей көшесі, 37),
- «Status Medical Center»» (Көкжал Барақ көшесі, 19),
- Вита-1 (Шәкәрім даңғылы, 156),
- «Денсаулық» дәрігерлік амбулаториясы (Буров көшесі, 53),
- Защита теміржол ауруханасы (М.Тынышпаев көшесі, 133),
- «ЕМ АЛУ плюс» ЖШС (Шаяхметов көшесі, 1/3).
Пікірлер