A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 11:15 0

Өскеменде Жастар күні атап өтілді

Бүгін / Өскемен

Кеше Жамбыл Жабаев атындағы саябаққа Шығыс Қазақстанды өзгертуге атсалысып жүрген жастар жиналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Музыканттар мен спортшылар, еріктілер мен кәсіпкерлер, суретшілер мен блогерлер, жұмысшы мамандықтарының өкілдері, қоғам белсенділері мен жас мамандар облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановпен ашық форматта кездесті.
Ұзақ баяндамалардың орнына өңір жастарының тыныс-тіршілігі туралы еркін әңгіме өрбіді.
Мәселен, саяхатшы-блогер Вячеслав Орлов қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау және жастардың «Таза Қазақстан» бастамасына қатысуы туралы айтты. Волонтер Әнел Шәріпжанова еріктілер қозғалысындағы тәжірибесімен бөлісті. Ал спортшы Жасмин Бегалинова тәртіп пен жауапкершілік туралы әңгімеледі. Oskemen Hub менеджері Мадияр Молдақанов креативті индустриялар тақырыбын көтерсе, музыкант Радмир Тұрсынбеков авторлық музыканы дамыту мәселесіне тоқталды.
Сонымен қатар кітаптар, жасанды интеллект, заманауи кітапханалар, экология, туризм, шығармашылық және жастардың өз идеяларын туған жерінде жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы сөз болды.
Ашық аспан астында бір жерде түрлі салада тәжірибесі бар адамдар бас қосты. Олардың қатарында EuroSkills кәсіби шеберлік бойынша Еуропа чемпионатының жеңімпазы, теміржолшы, суретші, такси жүргізушісі, эко-белсенді, жастар бірлестіктері мен волонтерлік жобалардың жетекшілері болды. Әрқайсының өз тарихы, өз сауалы және облыс болашағына қатысты өз көзқарасы бар.
Кездесу барысында Нұрымбет Сақтағанов бүгінде өңірде 170 000 жас тұратынын атап өтіп, олардың әрқайсысы білім, спорт, бизнес, шығармашылық немесе қоғамдық қызметте өз орнын табуы маңызды екенін айтты.
Кездесудің Абай туралы әңгімемен аяқталуы да ерекше мәнге ие. Қатысушыларға оның «Қара сөздері» тарту етілді.  Дәл осы күні облыстық Жастар ресурстық орталығына қызметтік автокөлік сертификаты табысталды.
Осылайша, кездесу өзгерісті күтпей, оны өздері жасауға атсалысып жүрген жастарды бір жерге жинап, ой-пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив