«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлердегі жұмысын жалғастыруда. Құрылтай депутаттығына кандидаттар Шығыс Қазақстан облысында «OskemenAgroProdukt» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«OskemenAgroProdukt» ЖШС табиғи өсімдік майлары мен май өнімдерін өндірумен айналысады. Кәсіпорын астықты сақтап, қоймада жинайды, сондай-ақ ұн өндіріп, оны көтерме бағамен сатады.
Депутаттыққа кандидаттар кәсіпорын мамандарымен, өндіріс басшыларымен және еңбек ардагерлерімен кездесіп, агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі жағдайы мен оны дамытудың перспективалы бағыттарын талқылады.
«ШығысАгроХолдинг» ЖШС директоры Ержан Нұрбаевтың айтуынша, саланы тұрақты дамыту үшін қаржы жеткілікті болуы керек, бұл әрқашан басты шарттардың бірі болып қала береді.
«Қолжетімді қаржы болмаса, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын ұзақ мерзімде дамыту қиын. Қазір өндірісті жаңғырту үшін техниканы ауыстырып, жаңа технологияларды енгізіп, өңдеу көлемін арттыру қажет. Мұның бәрі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талап етеді», – деді ол.
Штаб мүшелері «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында аталған міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар ұсыныс бар екенін атап өтті.
«Әділет» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін елдің экономикалық қауіпсіздігінің маңызды бөлігі деп санайды. Сондықтан біздің «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламамызда отандық өндірісті дамытуға, экономиканың нақты секторын қолдауға және заманауи, бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құруға ерекше мән бердік», – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Ерлан Саиров.
Партия сондай-ақ аграрлық экспорттың құрылымын өзгертуді ұсынып отыр. Қазақстан шетелге астық, мал, майлы дақылдарды шикізат ретінде сатуды азайтып, оның орнына ұн, өңделген ет өнімдері, өсімдік майы және басқа да дайын өнімдерді көбірек экспорттауы қажет.
Сонымен қатар мал шаруашылығына берілетін жеңілдетілген қаржыландыруды кеңейту ұсынылып отыр. Бұл кәсіпорындар мен фермерлерге асыл тұқымды, өнімділігі жоғары мал сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға төмен пайызбен несие алуға мүмкіндік береді. Мұндай қолдау мал шаруашылығының өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ ет пен сүт өндіру көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Пікірлер