A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:05 0

Өскеменде есірткі өсірген ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2026» жедел алдын алу шарасы барысында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс орталығының 45 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында полицейлер жасыл түсті 6 түп өсімдік егілген жылыжайды анықтады. Сондай-ақ моншадан құрамында өсімдік текті зат бар екі қағаз бума тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдіктер «Қарасора» тегіне жатады және есірткі құрал саналады. Кептірілмеген өсімдіктердің жалпы салмағы 1085 грамды құрады. 

Сонымен қатар 2,65 грамм кептірілген марихуана мен құрамында темекі қоспасы бар марихуананың бар екендігі анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам қарасора тұқымдарын интернет арқылы тапсырыс беріп, пошта арқылы алған. Оның айтуынша, бұл өсімдіктерді тек жеке мақсатта пайдалану үшін өсірген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив