Шымкентте, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы 40–44 °C дейін көтеріледі деп күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Пікірлер