A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:45 0

Өскемендік студент 2 млн теңгеге алданып қалды

Бүгін / Өскемен

Білім алушының академиялық қарызын жауып беруге уәде берген бейтаныс адам алаяқ болып шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

22 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, болған жағдайды жеткізді. Сөзінше, бейтаныс біреу оған емтиханын жабуға және қажетті құжаттарды толтыруға көмектесуді ұсынған.
– Студенттің сеніміне кіргеннен кейін, ол оны несие алуға және түскен қаражатты өзінің бақылауындағы шоттарға аударуға көндірген. Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушіге 1 709 990 теңге шығын келтірілді, - деді полиция қызметкерлері. 
Қалалық полиция бөлімінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері күдіктіні бірден анықтады. Ол – Өскемен қаласының 20 жастағы тұрғыны.
Қазір алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив