A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 17:00 0

Елімізде жол апаты, қатерлі ісік және жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім азайды

Бүгін / Республика

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық денсаулығының бірқатар негізгі көрсеткіштері жақсарды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жалпы өлім 0,8%, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 10,9%, онкологиялық аурулардан болатын өлім 5%, жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім 20,9% төмендеді. Жеті айда ана өлімі 17,5% азайды.

Жеті айдың қорытындысы бойынша ана өлімі көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға шаққанда 9,7-ден 8,0-ге дейін төмендеді.

— Нәресте өлімі 5,93 болды, жоспарлы көрсеткіш — 7,3. Неонаталдық өлім 3,05 болды, жоспар — 4,1. Екінші жартыжылдықта негізгі назар жүктілік асқынуларының алдын алуға, әйелдер мен балаларды медициналық бақылау сапасына, патронажға және медициналық көмекті уақтылы көрсетуге аударылады, — делінген хабарламада.

МСАК ұйымдарына профилактикалық мақсатта келу үлесі 33,7%-ға, жылдық жоспар — 27%-ға жетті.

Онкологиялық скринингтермен қамту 37,6%-дан 42%-ға дейін өсті. Қатерлі ісіктердің ең ерте — 0–I сатыларында анықталу үлесі 34,3%-ды құрады, жоспарлы көрсеткіш — 33,8%.

Сонымен қатар Министрлік ауруларды ерте анықтау көрсеткіштері төмен болып отырған және пациенттерді медициналық ұйымдардың арасында маршрутизациялау мәселелері бар өңірлердегі жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив