A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:05 0

Өскеменде полиция жоғалған 12 жастағы шетелдік баланы тапты

Бүгін / Өскемен

Өскеменде сауда үйінде ата-анасынан адасып қалған 12 жастағы Қытай азаматы полиция қызметкерлерінің көмегімен табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 16 тамызда шамамен сағат 15:30-да болған. Қытайдан Қазақстанға ата-анасымен бірге турист ретінде келген бала сауда үйінде адасып, ата-анасын өздігінен таба алмаған.
Хабарлама түскен бойда оқиға орнына Өскемен қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Бекжан Акрашов барған. Полицейлер дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Нәтижесінде 12 жастағы Zhang Tang Bo 40 минут ішінде табылып, ата-анасына тапсырылды.
Баланың анасы полиция қызметкерлеріне жедел көмегі үшін алғыс білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив