A+ A A-

talgatzhan 36 Кеше, 14:15 0

Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолында орташа жөндеу аяқталуда

Бүгін / Басты / Өскемен / Шемонаиха

Барлық жұмысты жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Автожолдың жалпы ұзындығы - 121 шақырым. Жөндеу жұмыстары 2025 жылы басталды. Ол кезде 30 шақырымдық учаске жөнделіп, пайдалануға берілді.
Биыл жұмыстар тасжолдың қалған 91 шақырымын қамтыды. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін бұл учаске үш бөлікке бөлінді. Қазір үшінші учаскеде (1145–1159, 1162–1175 шақырымдар) асфальт төселіп жатыр.
Жөндеу кезінде төрт су өткізгіш құбыр орнатылып, жол жиегі нығайтылады. 
- Нысандар ресми түрде пайдалануға берілгеннен кейін жөнделген учаскелерге бес жылдық кепілдік беріледі. Осы кезеңде мердігер анықталған кез келген ақауларды өз есебінен түзетуге міндетті, - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив