A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 09:35 0

Өскеменде «SOS» дабыл тетігі арқылы телефон ұрлаған ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы қоғамдық орындарда орнатылған «SOS» дабыл тетігі арқылы алаяқтық жасады деген күдікті жедел түрде анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Назарбаев даңғылы бойындағы үйдің маңында белгісіз ер адам шұғыл қоңырау шалу қажеттігін айтып, 32 жастағы қала тұрғынының ұялы телефонын сұрап алған.
Құрылғыны қолына алған қаскөй оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушіге материалдық шығын келтірді. 
Ұялы телефонынан айырылған азамат жақын маңдағы дабыл тетігін пайдаланған. Дабыл сигналы ШҚО Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына түсті. Оператор дереу өтініш берушімен байланысқа шығып, оқиғаның мән-жайын нақтылап, патрульдік полиция нарядтарына жедел түрде бағдар берді. 
Жедел-іздестіру шараларын үйлесімді жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Өскемен қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив