2026 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасында 169 133 автокөлік құралы тіркеуге қойылды, бұл 2026 жылғы маусыммен салыстырғанда (167 878 бірлік) 0,7% көп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Тіркелген көлік құралдарының жалпы санының 87,7%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6% - жүк автомобильдері, 2,4% -тіркемелер, 0,9% - автобустар, 0,8% - мотоциклдер және 2,6%-ын өзге де автокөлік құралдары құрады.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 059,2 мыңға жетті. Жалпы автопарк құрылымында жеңіл автомобильдер – 5 081,5 мың (83,9%), жүк автомобильдері – 495,0 мың (8,2%), тіркемелер – 263,2 мың (4,3%), автобус пен шағын автобустар – 89,5 мың (1,5%), мотоциклдер – 74,6 мың (1,2%) және өзге де автокөлік құралдары – 55,5 мың (0,9%).
Шілде айында тіркеуге қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті (35,2%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі автомобильдер құрайды.
Есепті мерзімде тіркелген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі бойынша бөлінісі төмендегідей:
1500-ден 2000 см³-ге дейін – 59 530 (35,2%)
1500 см³-ге дейін – 35 277 (20,9%)
2000-ден 2500 см³-ге дейін – 24 550 (14,5%)
2500-ден 4000 см³-ге дейін – 23 027 (13,6%)
4000 см³-ден жоғары – 3 644 (2,2%)
өзге – 2 218 (1,3%).
-Өңірлер бөлінісінде қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдер ең көп Алматы қаласында (6 160), Астана қаласында (5 436) және Алматы облысында (5 340) тіркеуге қойылды.
Пікірлер